Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, көлік полициясы Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарату арнасын тоқтатты. Арнайы операция кезінде жедел қызметкерлер 10 келі альфа-PVP психотроптық затын тәркілеген.
Қылмыстық топ есірткі интернет-дүкенінің қоймашылары ретінде әрекет етіп, анонимді оператордың нұсқауларын орындаған. Олар жеке үйді жалға алып, оны есірткіні өлшеп-орайтын орын ретінде пайдаланған.
Үйді тінту кезінде психотроптық заттар салынған бес пакет табылды. Тергеу әрекеттері барысында ұсталғандар кінәсін мойындап, орман жолағындағы жасырын орынға нұсқаған. Ол жерден тағы 10 пакет есірткі табылды.