Түркістан облысында полиция дронның көмегімен тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу дерегін анықтады.

Полиция мәліметінше, 42 жастағы ер адам қоқысты Сайрам ауданындағы Дала базар көшесінің бойындағы ашық алаңға төккен.

Ресми хабарламада қалдық көлемі 7 тонна деп көрсетілген.