Қатар әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Тани 15 қазанда Бакуде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесу Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VII саммиті аясында өтті.
Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастарды, оларды одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырды.
Кездесуге Қатар премьер-министрі және сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдулрахман бин Джассим Әл Тани, Әмір кеңсесінің басшысы Абдалла бин Мұхаммед Әл Хулайфи және әмірдің ресми делегация мүшелері қатысты. Өзбекстан президентінің ресми делегациясынан да бірқатар өкіл болды.