Қазақстанда 2026 жылдың тоғыз айында тіркелген қылмыстар саны 15%-ға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын жариялаған кезде хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, қылмыс санының төмендеуіне профилактикалық және жедел шаралар кешені ықпал еткен.