Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан тарихтағы алғашқы әлем чемпионаты аяқталды. Жарысқа 38 елден 690 спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы чемпионат барысында командалық сайыстарда бірнеше алтын медаль жеңіп алды.
Шымкенттік спортшылар командалық сайыста екі күміс және екі қола медаль иеленді. Ал «Пута» дисциплинасының жекелей сынында Жәнібек Құлмырзаев қола жүлдегер атанды.