Шымкенттік спортшы Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Ол Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде қосты.
Әділетұлы жұлқа көтеруде 182 келі, серпе көтеруде 217 келі көтерді. Қос сайыстың жалпы нәтижесі — 399 келі.
Жарыстың қорытындысы бойынша Болгария өкілі Карлос Насар 415 келімен (185+230) бірінші орын алды. Нұрғиса Әділетұлы 399 келімен (182+217) екінші, Иран спортшысы Али Алипур 396 келімен (181+215) үшінші болды.