Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Президент Жарлыққа Премьер-министр Олжас Бектенов және Құрылтай төрағасы Айбек Дадебаймен кеңескеннен кейін қол қойды.

Кеңестер Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабы 5-тармағына сәйкес өткізілді.