Жартылай орта салмақтағы ACA-ның бұрынғы чемпионы Альберт Туменов чемпиондық белбеу иегері Жақшылык Мырзабековке қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Олардың айқасы 4 желтоқсанда Бішкекте өтетін ACA 210 турнирінің басты оқиғасы болады.
Туменов дайындыққа Дағыстаннан спарринг-серіктестер шақыратынын айтты. Ол күресі жақсы екі спортшымен келісіп қойған.
«Жекпе-жекте өз мәнеріммен әрекет етіп, қарсыласымды соққымен басып озуға тырысамын. Егер мені партерге түсірсе, тұрып, жұмысты жалғастырамын», — деді Туменов.