2025 жылы Түрікменстан президенті шетелдерге 15 мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарын жасады. Бұл туралы 25 желтоқсанда «Мекан» сарайында өткен жиында Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов айтты.
Түрікменстан Халық мәслихаты ұйымдастырған шара «Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы: бейтарап Түрікменстанның нық қадамдары» деп аталды.
Мередовтің айтуынша, жыл бойы Түрікменстанда және шетелде Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған жүздеген шара өтті. Жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстар және өзара сапарлар жалғасты.