Ұлытау облысының дзюдошысы Нұрайлым Сәрсенбек Жезқазғанда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Ол 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды.
Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.