Ұлытау облысының спортшысы Неймат Асадов аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол жарыста Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті.
1–7 қарашада Тбилисиде өткен чемпионатта Асадов 70,3 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Ол бес жекпе-жек өткізіп, финалға дейін Өзбекстан, Тәжікстан және Франция спортшыларын жеңді.
Шешуші кездесуде Асадов Ресей спортшысымен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.