Қазақстан мен Алжир кәсіпкерлері сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шаралар Қазақстанның Республика күніне орай ұйымдастырылды.
Қазақстанда 3D-басып шығару саласындағы ұлттық стандарт бекітілді. Онда шикізат пен дайын бөлшектерге қойылатын сипаттамалар және оларды сынау әдістері белгіленген.
Анкарада «Түркі әлеміндегі құрылтай дәстүрі: тарихи жады және мемлекеттілік» атты халықаралық ғылыми-мәдени іс-шара өтті. Онда «Құрылтай феномені» кітабының түрікше нұсқасы таныстырылды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденко өңірлер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қала шегіндегі жер учаскесіне құқық алуға арналған қызмет eGov.kz порталында қолжетімді. Порталға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кіріп, «Жылжымайтын мүлік» бөліміндегі «Жер қатынастары» мәзіріне өту керек.
ҚМА дерегінше, «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымында микрокредит беру кезінде азаматтарды жаппай алдау схемасы анықталған. Ол елдің 18 өңірінде жұмыс істеген.
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов өңірдің тоғыз айдағы даму қорытындысын талқылады. Күн тәртібінде бюджет орындалуы, жұмыспен қамту және Республика күніне дайындық болды.
19 қазанда Самарқандта Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті. Тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту бағытын растады.
Қарағанды облысынан барған спортшылар Пара Азия ойындарының алғашқы күнінде үш медаль жеңіп алды. Он спортшы Қазақстан атынан паражүзу, паражеңіл атлетика және арбадағы теннистен сынға түсіп жатыр.
Қазақстан мен Беларусь екіжақты және транзиттік жүк тасымалы мәселелерін талқылады. Тараптар рұқсат беру жүйесін цифрландыру жөніндегі алдағы қадамдарды қарастырды.
Қазақстандық ғалымдар «Лактин АС» және «Плантарин АС» биопрепараттарын Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында сынақтан өткізді. Зерттеулер 500 гектарға дейінгі аумақты қамтыды.
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы жұмыс сапарымен Бішкекке барды. Сапар Қырғызстан Есеп палатасының қызметіне 30 жыл толуына арналған ресми іс-шараларға қатысу үшін ұйымдастырылды.
Өзен кәмшаты су астында бірнеше минут бойы тынысын ұстай алады. Оның тағы қандай ерекшеліктері бар, немен қоректенеді және су экожүйесінде қандай рөл атқарады?
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресей Федерациясының Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті. Тараптар өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа жобаларды талқылады.
Алаяқтар мессенджерлер арқылы балалар байқауының қатысушысы үшін дауыс беруді сұрап, хабарламаға сілтеме тіркейді. Полиция тұрғындарды бұл схема туралы ескертті.
Жарнама
Tribuna.kz — қосымша ретіндеЭкранда белгіше, тезірек ашылады.
iPhone және iPad (Safari)
«Бөлісу» батырмасын басыңыз — жоғары бағытталған көрсеткісі бар шаршы (экранның төменгі жағында).
Төмен жылжытып, «Басты экранға» тармағын таңдаңыз.
«Қосу» батырмасын басыңыз — экранда Tribuna.kz белгішесі пайда болады.