Ақтөбе қаласының индустриялық аймағында қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт құрылысы жалғасып жатыр. Жоба қуатына шыққан соң кәсіпорын тәулігіне 150 тоннаға дейін макулатура өңдеп, жылына 42 мың тонна өнім шығара алады.
25 қазанда Бейжіңдегі Қазақстанның Мәдениет орталығында тоғызқұмалақтан шеберлік сабағы және турнир өтті. «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» іс-шарасы Республика күніне арналды.
Республика күні Шымкенттегі Shymkent City Park саябағында батпырауық фестивалі ұйымдастырылды. Оған балалы отбасылар, қала тұрғындары және қонақтары қатысты.
Қазақстан делегациясы ШЫҰ аясында су үнемдейтін егіншілікті дамыту бастамаларын ұсынды. Делегация Қытайдағы 33-ші Янлин ауыл шаруашылығы көрмесінің іс-шараларына қатысты.
Республика күні Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің әскери бөлімдерінде, мекемелерінде және әскери оқу орындарында Мемлекеттік ту көтерілді.
Жетісу облысында Республика күні және Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Мемлекеттік ту 43 тутұғырға көтерілді. Іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, жалпыұлттық бірлікті және азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған.
Шымкентте Республика күніне орай 100 метрлік тұғырға Мемлекеттік ту көтерілді. Рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, тұрғындар, қоғам өкілдері және жастар қатысты.
25 қазанда Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Оған мемлекеттік органдар өкілдері, жастар, әскери қызметшілер және қала тұрғындары қатысты.
Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен күрес федерацияларының басшылары қатысты.
Орегон штаты университетінің жаттықтырушысы Брэндон Кейлор Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатына арнайы келді. Қазақстанға алғаш рет келген ол елорда туралы әсерін бөлісті.