Қала шегіндегі жер учаскесіне құқық алуға арналған қызметті eGov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы жер учаскелеріне қатысты.
Қызметті алу үшін eGov.kz порталына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кіріңіз.
Одан кейін «Жылжымайтын мүлік» бөлімінен «Жер қатынастары» мәзірін ашып, «Қала шегіндегі жер учаскесіне құқықтарды сатып алу» қызметін таңдаңыз.