Алжирдегі Қазақстан елшілігі екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес дөңгелек үстелі және телемост өткізді.
Кездесуде қазақ-алжир сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Іс-шара Қазақстанның Республика күні, ел тәуелсіздігінің 35 жылдығы және Қазақстан мен Алжир арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.