Ауғанстан Қала құрылысы және тұрғын үй министрінің қаржы және әкімшілік жөніндегі орынбасары Мәуләуи Мұхаммад Раббани Насих Өзбекстанның осы салаға жауапты мемлекеттік мекемесінің басшысы және делегациясымен кездесті. Кездесуге министрліктің бірқатар басшылары да қатысты.
Тараптар Кабулдың бас жоспарын, тұрғын және коммерциялық аумақтарды дамытуды, шағын қалашықтар салуды, теміржолды және басқа да ірі құрылыс жобаларын талқылады. Ауғанстан өкілдері техникалық жоспарларымен бөлісті.
Насих Ауғанстанға инвестиция салу үшін қазіргі мүмкіндікті маңызды деп атап, Ислам әмірлігінің ішкі және шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасауға міндеттенетінін айтты. Оның сөзінше, өткен соғыстар ел инфрақұрылымына үлкен зиян келтірген, ал қазір құрылыс, қалпына келтіру және даму салаларына инвестиция салуға мүмкіндік бар.