«Самұрық-Энерго» АҚ көмір қорының көлемін есептеу уақытын жасанды интеллект көмегімен 10 күннен 20 минутқа дейін қысқартты.

Компанияда жасанды интеллект өндірістік қауіпсіздікті арттыру, жабдықты диагностикалау, энергетикалық инфрақұрылымды цифрлық тексеру және электр энергиясын өндіруді болжау үшін де қолданылады.

Самұрық-Энерго жасанды интеллектіні цифрлық трансформацияның негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырады.