«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы квазимемлекеттік сектор ұйымдары арасында ИИС ЦОН 2.0 негізгі ақпараттық жүйесін QazTech бірыңғай платформасына көшіруді бірінші болып аяқтады. Бұл жұмыс Қазақстан Президентінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жаңа платформаға көшіру туралы тапсырмасын орындау аясында жүргізілді.
Миграция толық көлемде аяқталды. Alem.Cloud деректерді өңдеу орталығында орналасқан платформаға көшірілген жүйе өндірістік ортаға енгізіліп, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Корпорацияның барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары оған қосылған, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен байланыс бапталған.
Корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжегалиевтің айтуынша, QazTech платформасына көшу цифрлық инфрақұрылымның технологиялық негізін нығайтып, жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.