1971 жылы музыкалық училище ретінде құрылған Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі 55 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы уақыт ішінде оқу орны үш мыңға жуық маман даярлаған. Түлектері Қазақстанда және шетелде мәдениет пен білім беру саласында еңбек етеді. Олардың қатарында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бар.
Мерейтойға мәдениет қайраткерлері, білім саласының ардагерлері, оқытушылар, студенттер, түлектер және құрметті қонақтар қатысты.
Бағдарлама колледж түлектері мен Башқұртстаннан келген қонақтардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатынан басталды. Қатысушылар студенттік жылдарын еске алып, кәсіби қалыптасуы мен шығармашылық жетістіктері туралы айтты.