Астанада итальян жазушысы Карло Коллодидің «Приключения Пиноккио» шығармасының қазақ тіліндегі толық аудармасы таныстырылды. Кітап автордың туғанына 200 жыл толуы қарсаңында жарық көрді және итальян тіліндегі түпнұсқадан тікелей аударылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Али, Италияның Қазақстандағы елшісі Антонелло Де Риу, Алматыдағы Италия мәдениет институтының директоры Эдоардо Кризафулли, Карло Коллодидің 200 жылдығын атап өту жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Джордано Бруно Герри, сондай-ақ баспа саласының өкілдері, жоба серіктестері және оқырмандар қатысты.
Таныстырылымда вице-министр Рустам Али Мемлекет басшысының «Оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлтын қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын іске асыру аясындағы жұмыстар туралы айтты. Оның сөзінше, балалар әдебиетін дамытуға, баспа ісін қолдауға және аударма қызметін кеңейтуге айрықша көңіл бөлінеді.