Colisium және IMX Shanghai музыкалық индустриядағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім Азия және ТМД елдері арасындағы кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған. Бірлескен жобаларды талқылайтын алаңдардың бірі Алматы болады.
Colisium Almaty конференциясы 20–21 қарашада Марков көшесі, 44 мекенжайындағы Almaty Creative кеңістігінде өтеді. Меморандумға тараптар 29–31 қазанда Қытайда өткен IMX Shanghai музыкалық форумында қол қойды.
Тараптар концерт ұйымдастырушылары, продюсерлер, музыкалық лейблдер және әртістердің менеджерлері арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр. Қытай музыкалық индустриясының өкілдері жергілікті нарық, шетелдік орындаушыларды ілгерілету шарттары және гастроль ұйымдастыру туралы айтады.