Әзербайжан және Словакия үкіметтері құпия ақпарат алмасу және оны өзара қорғау туралы келісімге қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өтті.
Словакия Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің директоры Роман Конечни бастаған делегация Әзербайжанға сапармен барды.
Сапар аясында делегация Әзербайжан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы, генерал-полковник Әли Нағиевпен кездесіп, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар өзекті мәселені талқылады.