19 қазанда Әзербайжан қорғаныс министрінің орынбасары, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Намиг Исламзаде Біріккен Араб Әмірліктері делегациясымен кездесті. Делегацияны БАӘ Әскери-әуе күштері және әуе шабуылына қарсы қорғаныс қолбасшысы, генерал-майор Рашид Мұхаммед Әл-Шамси бастап келді.

Кездесуде екі ел әскери қызметшілерінің қатысуымен өтетін бірлескен оқу-жаттығулар мен іс-шаралар талқыланды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және өзара қызығушылық тудыратын басқа мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесуден кейін қонақтар заманауи басқару жүйелерімен жабдықталған оқу-жаттығу штабына барып, авиациялық техникаларды қарап шықты.