Беларусь НАТО-ның Еуропадағы Біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы, генерал Алексус Гринкевич ұсынған «Жеңіс теориясын» қатаң айыптады. Бұл туралы Беларусь Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, тұжырымдамада Беларусь аумағына дрондар және жерүсті роботтандырылған жүйелерді қолданып алдын ала соққы беру көзделген.
Минск НАТО-ның агрессивті риторикасы жүйелі сипат алып барады деп санайды. Министрлік Беларусь тарапынан қауіп-қатер де, қақтығысқа нақты алғышарттар да жоқ екенін, алайда альянс шекара маңындағы әскери қатысуын арттыру және егемен ел аумағына соққы жасау жоспарларын құрып жатқанын мәлімдеді.