АҚШ және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан үкіметтері C5+1 министрлік кездесуінің қорытындысы бойынша ұзақ мерзімді серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Кездесу 2026 жылғы 19 қазанда Самарқандта өтті.
Мәлімдемеде тараптар егемендікке, тәуелсіздікке және аумақтық тұтастыққа өзара құрметке негізделген дипломатиялық платформаны нығайтуға ниетті екенін айтты. Биыл Орталық Азияның бес елі тәуелсіздігінің 35 жылдығын, ал АҚШ 250 жылдығын атап өтеді.
Үкіметтер Транскаспий сауда жолын дамыту, көлік бағыттарын жаңғырту және инфрақұрылымға инвестиция салу арқылы сауда мен инвестицияны арттыруды көздейді. Сондай-ақ аймақішілік сауданы ұлғайту, кеден рәсімдерін үйлестіру және өнеркәсіптік ынтымақтастықты күшейту жоспарланған.