Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті Юкатан түбегіндегі Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен аренасында өтеді. Ол 12 мың көрерменге арналған.
Арена — әлемдік және латынамерикалық танымал орындаушылардың гастрольдері кезінде Юкатанда концерт өткізетін негізгі алаңдардың бірі. Мұнда Maná, Ricky Martin, Luis Miguel және Maluma өнер көрсеткен.
Кешен 2014 жылы Coliseo Yucatán атауымен ашылған. Кейін Мексиканың ірі сақтандыру компаниясы GNP Seguros-пен демеушілік келісім жасалған соң қазіргі атауына ие болды.