Димаш Құдайберген 29 қазанда Анкарадағы Президенттік конгресс және мәдениет орталығында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті.
Концерт ұйымның XIII саммиті аясында өтті. Саммит 29–30 қазанда Анкарада «Түркі жүзжылдығы: тілде, пікірде және істе бірлік» ұранымен ұйымдастырылды.
Саммитке ұйымға мүше Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия басшылары қатысты. Бақылаушы мемлекеттер — Мажарстан, Түрікменстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының өкілдері де шақырылды.