Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар Түркия мен АҚШ арасындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық оқиғаларды талқылады.
Ердоған Түркия мен АҚШ ынтымақтастығы арта түсетініне сенетінін және алдағы уақытта екіжақты байланыстарға серпін беру үшін жұмыс істейтіндерін айтты.
Ол Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс тоқтап, мәселелер дипломатия арқылы шешілуі керектігін атап өтті. Түркия бейбітшілікке қол жеткізуге күш салуды жалғастырады деді.