Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анталияда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті. Гутерриш БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясына (COP31) қатысу үшін Түркияға барған.
Кездесуге Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум және Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоғлу қатысты.