Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мённің шақыруымен Сеулге жол тартты.
Оны Ататүрік әуежайындағы мемлекеттік қонақүйден Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз, Ыстанбұл губернаторы Давут Гүл және Әділет және даму партиясының Ыстанбұлдағы бөлімшесінің басшысы Абдуллах Өздемир шығарып салды.
Ердоғанмен бірге жұбайы Емине Ердоған, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр барды.