Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 6 қарашада Ыстанбұл конгресс орталығында өткен TRT World Forum 2026 форумында сөз сөйледі. Биыл оныншы рет ұйымдастырылған форумның тақырыбы — «Орталықсыз әлем: ережелер күшін жойғанда кім көш бастайды?». Оған 43 елден 150-ге жуық спикер қатысты.
Ердоған халықаралық жүйенің нормалары мен қағидалары бұзылып жатқанын, ал жаһандық басқару тетіктері мәселелерді шешуге жеткіліксіз екенін айтты. Оның пікірінше, күш бәсекесі күшейген құрылымдық дағдарыстан әділ шешімдер арқылы шығу — ортақ жауапкершілік.
Президенттің мәліметінше, 2023 жылғы қазаннан бері Газада Израиль шабуылдарынан көбіне әйелдер мен балаларды қосқанда 75 мың адам қаза тауып, 176 мың адам жараланған. Соңғы бір жылда 1 500 адам көз жұмып, 5 500-ге жуық адам жараланған. Газада екі миллионнан астам бейбіт тұрғын шатырларда тұрып жатыр, ал гуманитарлық көмектің жеткізілуіне әлі де кедергі жасалуда.