Қызылорда облысындағы Шалқия ауылында алғашқы абоненттер жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейінгі жоғары жылдамдықты интернетке қосылды.
Шалқия — «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жедел цифрландыру» жобасы аясында интернетке қосылған алғашқы елді мекен.
Жобаны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Дүниежүзілік банк бірлесіп жүзеге асырып жатыр.