Алматыда венгр халықтық киіз басу шебері Карой Мартон-Сёньегидің шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны Венгрияның Алматыдағы Бас консулдығы Qazaq-Oner ұлттық қауымдастығымен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Карой Мартон-Сёньеги — Junior Prima сыйлығының лауреаты және «Халық өнерінің жас шебері» құрметті атағының иегері. Ол дәстүрлі венгр қолөнері тәсілдерін тарихи мұрамен және заманауи көркемдік шешімдермен ұштастырады.
Қатысушылар венгр киіз басу өнерінің ерекшеліктерін, табиғи жүнді өңдеудің дәстүрлі әдістерін және оларды заманауи өнерде қолдануды үйренді.