Лайфстайл-блогер Лиам Фицджеральд 30 қазанда таңертең мотоцикл апатынан алған жарақаттан қайтыс болды. Бұл туралы оның сүйіктісі Джейми Лин Ринальди хабарлады. Фицджеральд 29 жаста еді.
Ринальди Instagram-дағы жазбасында оның ауыр жарақат алғанын және оны құтқаруға тырысқандардың әрекетіне қарамастан аман алып қалу мүмкін болмағанын жазды. Фицджеральдтің отбасы да 1 қарашада әлеуметтік желіде көңіл айту жазбасын жариялады.
Instagram-да миллион жазылушысы, ал TikTok-та 350 мыңнан астам оқырманы болған Фицджеральд жаттығу және салауатты өмір салты туралы материалдарымен танымал еді. Ол мотивациялық видеолар да жариялаған.