Колумбия округінің федералдық судьясы Таня Чаткан Дональд Трамптың Вашингтонда салуды жоспарлаған салтанатты аркасының құрылысын тоқтатты. Шешім сотта қаралып жатқан, Трамп пен АҚШ Ұлттық саябақ қызметі жауапкер ретінде көрсетілген біріккен істің нәтижесі шыққанша күшінде болады.
Сот шешімі шыққан сәтте Ақ үй жобаның жаңа сайтын іске қосып жатқан. Онда арканың 3D-көріністері және ғимараттың кең панорамалық бейнелері жарияланған.
Судья үкіметтің арка ұлттық қауіпсіздікке көмектеседі деген уәжіне негіз таппады. Оның айтуынша, бұл пікір жобаны қарау және мақұлдау кезінде ұсынылған құжаттарда болмаған және үкімет оны сотқа қарсылық білдіргенде ғана алға тартқан.