Қазақстанның Жоғары сот кеңесі судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды конкурсқа қатысушылар туралы пікір қалдыруға шақырды. Конкурс 2026 жылғы 2 қазанда жарияланған.

Пікірді Кеңес сайтындағы «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде 16 қарашаны қоса алғанға дейін қалдыруға болады.

Іріктеу кезінде қоғам пікірінен бөлек үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерттеледі. Олар адвокатура, прокуратура және заң қауымдастығының өзге өкілдері, сондай-ақ HR мамандары кіретін Конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбаттасады.