Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесті.

13 қазаннан бастап агенттік делегациясы Бангкокте (Таиланд) ХВҚ және Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы кездесулеріне қатысып жатыр. Делегацияны Мадина Әбілқасымова бастап барды.