Ереванда БҰҰ-ның Биологиялық әртүрлілік туралы конвенциясы Тараптарының 17-конференциясы (COP17) аясында Қазақстан және Армения өкілдері қалдықтарды басқару және экологиялық таза көлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Арменияның аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Давид Худатянмен кездесті.