Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Әлибек Қуантыров Әзербайжан Президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі Мұхтар Бабаевпен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесуде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы талқыланып, оны сақтау үшін Каспий маңы елдерінің күш-жігерін біріктіру және аймақтық ынтымақтастықты нығайту маңызды екені айтылды.
Қуантыров Қазақстанның Каспийдегі өзекті экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бастамалары туралы хабарлады. Олардың қатарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 9 қазанда Түрікменстандағы «Аваза» ұлттық туристік аймағында өткен Бірінші Каспий экологиялық саммитінде көтерген бастамалар бар.