Қазақстанның су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жаканбаев Римге жұмыс сапары кезінде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) басшылығының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Кездесулерде су ресурстары саласындағы әріптестік бағдарламасын әзірлеу мәселесі талқыланды.