Вице-премьер, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангпен Қазақстанның энергиясын, өнеркәсібін және есептеу қуатын жаңа буын экономикасына айналдыру мәселесін талқылады.

Қазақстан Physical AI саласындағы әлемдік орталыққа айналуды стратегиялық мақсат етіп отыр. Бұл технология роботтарды, автономды көлікті және өндірістік жүйелерді басқарады.

Кездесу Астанада өтті. Ресми хабарламада талқылаудың өзге егжей-тегжейі айтылмаған.