Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов және Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусов Астанада екіжақты кездесу өткізді.
Айдос Мырзахметов әріптесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан әскери реформаны таныстырды. Реформа әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруды, басқару жүйесін жетілдіруді, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғыртуды, цифрлық технологияларды енгізуді және жауынгерлік дайындықтың жаңа тәсілдерін қамтиды.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери білім берудің практикалық бағытын күшейтіп, оны әскерлердің қажеттіліктерімен байланыстыруда. Офицерлерді даярлау кезінде заманауи талаптар мен әскери технологиялардың дамуы ескеріледі.