2026 жылғы 12 қазанда Астанада Қазақстан және Бельгия сыртқы істер министрліктері ынтымақтастығының 2027–2029 жылдарға арналған жол картасына қол қойылды.
Құжатқа Бельгия королі Филипптің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткен кездесуде қол қойылды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Бельгияның Сыртқы істер, сыртқы сауда және даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі федералдық мемлекеттік қызметінің Басқарушы комитетінің төрайымы Теодора Джентциспен кездесті.