Энергетика вице-министрлері Құрылтай депутаттарымен және Қазақстанның Халық кеңесі мүшелерімен бірге ел өңірлеріне барып, жергілікті қауымдастық өкілдерімен кездесті. Кездесулерде Президент Жолдауының негізгі ережелері түсіндіріліп, экономиканы дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және елдің энергетикалық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапары аясында Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында кәсіпкерлермен, жастармен және өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті.
Кездесулерде Қазақстанның отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы, энергетиканы дамыту мүмкіндіктері, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.