Қазақстан құжаттық мұраны сақтауға арналған ЮНЕСКО семинарында осы бағыттағы жобаларын таныстырды.

«Әлем жады» атты халықаралық оқу семинары 13-16 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді. Іс-шара құжаттық мұраны сақтау және ілгерілету мәселелеріне арналған.