Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Өзбекстан Президентінің экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитет төрағасы Азиз Абдухакимовпен кездесті.
Кездесу 16 қазанда Ереванда БҰҰ-ның биоалуантүрлілік жөніндегі конференциясының (КС-17) аясында өтті.
Кездесуде тараптар экология саласындағы ынтымақтастықты талқылады.