Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джулия Стаффтпен кездесті.
Елшімен бірге кездесуге АҚШ елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі, полковник Кристофер Дистифено қатысты.
Тараптар қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.