Жетісу облысында Республика күні және Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Мемлекеттік ту өңірдің әр жеріндегі 43 тутұғырға көтерілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, жалпыұлттық бірлікті және азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған.