Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде The Planet of Art – 2026 халықаралық жастар фестивалінің VI музыкалық циклі аясында «Келісім симфониясы» гала-концерті өтті. Концертке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының симфониялық оркестрі қатысып, оны дирижер Барбара Поплавская басқарды.
ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Наяф әл-Файез құттықтау сөз сөйледі. Концертті ЮНЕСКО хатшылығының өкілдері, дипломатиялық корпус және Франция жұртшылығы өкілдерін қосқанда мыңнан астам адам тамашалады.
Оркестр фестивальдің он елден, соның ішінде Қазақстаннан, Әзербайжаннан, Қытайдан, Нидерландтан, Румыниядан, АҚШ-тан, Өзбекстаннан, Франциядан, Швейцариядан және Швециядан келген жас лауреаттарымен бірге өнер көрсетті.