30 қазанда Бішкекте Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы — Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев пен Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қырғыз-қазақ үкіметаралық кеңесінің кеңейтілген форматтағы 14-отырысын өткізді.
Кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты оң қарқынын атап өтті. Су-энергетика саласындағы және туризм бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік алаңдардағы өзара қолдауға жоғары баға беріліп, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.